Әлихан Әсетов: «Таблодағы цифрларға аса қараудың қажеті жоқ»
21 Ақпан 2022

Әлихан Әсетов: «Таблодағы цифрларға аса қараудың қажеті жоқ»


«Барыс» шабуылшысы Әлихан Әсетов «Спартак» командасымен өткен бақылау кездесуін қорытындылады.

- Ұзақ уақыт ойнамадық. Әрине, бізде бірнеше адам «Номад» үшін ойнады. Бірақ деңгей әрине басқа. Бірінші кезеңде, есепке қарамастан, қиын болды. Екінші кезеңде олар ойындарын тауып, өз жұмыстарын жасады, өз голдарын соқты. Жалпы алғанда, жақсы ойын болды. Қазір барлығы плей-оффқа дайындалуда, өз сәттерін, көпшіліктегі ойынды пысықтауда. Сондықтан таблодағы цифрларға аса қараудың қажеті жоқ

- Сіздің үштігіңіз бүгін екі жақсы гол соқты, сен өзін де бір шайбаның авторы атандың.

- Иә, гол соққаным жақсы болды. Кирилл Савицкий керемет пас берді, маған тек шайбаны соғу қалды. Бестік жақсы ойнады, бірақ біз әлі де кейбір сәттерге қанағаттанбаймыз.

- Осындай ұзақ мәжбүрлі демалыстан кейін команда өзін қалай сезінеді?

- Мен осыған дейін айтқанымдай, басында қиын болды. Содан кейін деміміз ашылып, ойынға кірдік. Үшінші кезеңде қозғалыс жақсырақ болды.

- Бүгін «Барыс» сапында алғаш рет Әділ Бекетаев ойнады. Оның ойынына қандай баға берер едің?

- Әділ – жақсы ойыншы. Бүгін бірнеше хит жасады. Өкінішке орай, тамаша сәт болғанына қарамастан, бос қақпаға гол соға алмады. Команда оны қолдайды. Ол өз жұмысын жалғастыра берсін. Ал былай, әрине, оның іс-қимылына тек жаттықтырушылар құрамы ғана әділ баға бере алады.

- Ірі жеңістен кейін команда келесі матчта қиын ойнайтын сәттер болады. Ертеңгі «Динамомен» болатын ойынға даярлық қалай?

- Бұл кездесулердің не үшін қажет екенін бәрі түсінеді. Ойын ырғағына тезірек кіру керек, себебі көп ұзамай плей-офф басталады. Осындай матчтар арқылы өзіңізді дайындауыңыз керек, ал жаттықтырушылар құрамы әр түрлі комбинациялар мен схемаларды іс жүзінде тағы бір рет көре алады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan