Әлібек пен Сәркенов Барыс жүйесіне қайта оралды
16 Шілде 2026

Әлібек пен Сәркенов Барыс жүйесіне қайта оралды

abzal2.jpg

«Барыс» қазақстандық шабуылшылар Абзал Әлібек және Асанәлі Сәркеновпен келісімшарт жасасты. Екіжақты келісімдер бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

«Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері соңғы екі жылда Солтүстік Америка лигаларында ойнады. Абзал Әлібек өткен маусымда NAHL лигасындағы «Филадельфия Ребелс» сапында 46 матч өткізіп, 32 (12+20) ұпай жинады. Асанәлі Сәркенов WHL лигасында «Спокан Чифс» клубының намысын қорғап, плей-оффты қоса есептегенде 46 кездесуде 14 (6+8) ұпай еншіледі.

«Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников:

- Абзал мен Асанәлінің біздің клубтың жүйесіне қайта оралғанына қуаныштымыз. Екіжақты келісімшарттар оларға өздерін көрсетуге, негізгі құрамдағы орын үшін күресуге және резервіміздің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Олар бапкерлер штабының талаптарына тез бейімделіп, жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп сенеміз. Жігіттерден бар күш-жігерін салып, кәсіби тұрғыда өседі деп күтеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

sark2.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады