Айтмағамбетовтің дубльі Барысқа Жастар кубогын жеңіспен бастауға жол ашты
25 Тамыз 2026

Айтмағамбетовтің дубльі Барысқа Жастар кубогын жеңіспен бастауға жол ашты

Павлодарда Қазақстанның 2026 жылғы Жастар кубогының ойындары басталды. Елдің қазіргі чемпионы «Барыс» алғашқы кездесуінде «Горнякты» 5:2 есебімен жеңді.

Елорда командасының сапынан Роман Лазаренко, Ардәулет Ержанұлы, Амир Попченков және дубль авторы Нұрали Айтмағамбетов гол соқты. Қақпашы Арсений Кучковский қақпасына бағытталған 19 соққының 17-сін қайтарды.

Ринат Омарбековтің ойыншылары келесі ойынын Оралдың «Сұңқарына» қарсы өткізеді. Кездесу 27 тамызда сағат 15:00-де басталады.

«Барыс» – «Горняк» 5:2 (1:0, 2:2, 2:0)

1:0 – 10:52 – Лазаренко (Мұқашев)

2:0 – 22:41 – Ержанұлы

2:1 – 31:04 – Лопухов (Логинов)

3:1 – 32:27 – Попченков (Елемесов, Рахманин)

3:2 – 33:51 – Лопухов (Шевченко)

4:2 – 51:05 – Айтмағамбетов (Лазаренко) АГ

5:2 – 53:16 – Айтмағамбетов (Лазаренко, Кубатаев)

Қақпашылар: Кучковский - Лаюров.

CUCU5752 с.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Nomad

Номад - Алматы

new-preview
9 фото
Nomad

Номад - Алматы

new-preview
9 фото
Nomad

Номад - Горняк