ҚХЛ. «Металлург» – «Барыс» 2:1 ОТ
23 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Металлург» – «Барыс» 2:1 ОТ

Сырт айдындағы матчтар сериясының қорытынды кездесуінде «Барыс» овертаймда «Металлургке» жол берді.

Астаналық команданың бапкерлері құрамға бір өзгеріс енгізді. Қорғаныстың төртінші жұбындағы Эмиль Нұрғалиевтің орнына Тамирлан Гайтамиров шықты.

Ойынның алғашқы бөлігінде жанкүйерлер тек бір нәтижелі соққы көрді. Әділ Бекетаев өз қақпасы маңынан қарсыластың көк жолағында тұрған Джереми Браккоға пас беріп, шабуылшы өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Бұл шабуылда алғашқы пасты Юлиус Гудачек бергенін айтып өту керек. «Металлург» бұл шайбаға екінші жиырма минуттықтың басында жауап қайтарып, Андрей Чибисов қонақтардың қақпашысын қапы қалдырды.

Кездесу жеңумпазы овертаймда анықталды. Айдын иелері кейінге шегерілген айып уақыты кезінде жеңісті жұлып әкетті, жеңіс шайбасын Денис Зернов соқты. 25 қаңтар күні Андрей Скабелка шәкірттері өз айдынында «Северстальді» қабылдайды.

«Металлург» – «Барыс» 2:1 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 07:20 – Бракко (Бекетаев, Гудачек)

1:1 – 20:25 – Чибисов (Кошелев, Карри)

2:1 – 62:27 – Зернов (Голдобин, Майе)

Қақпашылар: Кошечкин – Гудачек

Арена «Металлург». 3600 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3