ҚХЛ. «Автомобилист» – «Барыс» 3:5
21 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Автомобилист» – «Барыс» 3:5

Сырт айдындағы матчтар сериясының екінші ойынында «Барыс» «Автомобилистен» басым түсті.

«барыстың» бапкерлері ойын құрамында бір ғана өзгеріс жасады. Шабуылдағы Дмитрий Гурковтың орнына Джереми Бракко шықты.

Матчтың алғашқы минуттарының басты ойыншысы Антон Сагадев болды. Алдымен ол кейін серпілген шайбаны қақпа бағыттап үлгерсе, сәлден соң қарсыластың бапкерлер құрамының сәтсіз сұранысынан кейін берілген сан басымдығын жүзеге асыра білді. Осылайша, «Барыстың» 89-нөмірлі жейдедегі ойыншысы өзінің нәтижелі сериясын бес матчқа дейін созды. Үзіліске дейін айдын иелері есеп айрымасын қысқартып, Сергей Широков «4х3» форматындағы ойынды сәтті жүзеге асырды.

Ойынның екінші бөлігінің басында кем құрамдағы ойын кезінде Егор Петухов көзге түсіп, өзінің маусымдағы он бесінші шайбасын соқты. Араға аз уақыт салып, Егор Шалаповтың қақпаға жасаған соққысын Дмитрий Шевченко нәтижеге ұластыра білді. «Автомобилистің» екінші голы Олег Лидің соққысынан кейін Джесси Грэмнің аяғына тиіп барып, Гудачек қорғаған қақпа торынан табылды. Екінші кезеңнің соңғы минутында астаналық ұжым тағы бір сан басымдығын жүзеге асырды, бұл жолы Джереми Бракко нәтижелі әрекетімен көзге түсті.

Стефан да Коста үшінші кезеңнің басында қорытынды жиырма минуттықтың соңы тартысқа толы болатындай жағдай жасады. Одан кейін Юлиус Гудачектің қақпасына тағы бір шайба соғылған, алайда қазақстандық команданың бапкерлер құрамы қарсылас команда ойыншысы ойыннан тыс қалғанын дәлелдеу үшін төрешілерге сұраныс берді. Ойын сәтін қайталап көрген арбитрлар офсайд болғанын растап, гол есепке алынған жоқ. Осы сәт матч тағдырын айқындаған болуы мүмкін, өйткені одан кейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ.

 «Барыс» Шығыс конференциясында сегізінші орынға қайта көтерілді. 23 қаңтар күні Андрей Скабелка шәкірттері Магнитогорскте «Металлургпен» кездеседі.

«Автомобилист» – «Барыс» 3:5 (1:2, 1:3, 1:0)

0:1 – 01:16 – Сагадеев (Мищенко)

0:2 – 02:41 – Сагадеев (Борисевич, Бекетаев) СБШ

1:2 – 17:20 – Широков (Да Коста, Эберт) СБШ

1:3 – 22:11 – Петухов КҚШ

1:4 – 26:10 – Шевченко (Шалапов)

2:4 – 34:15 – Ли (Блэкер, Белоусов)

2:5 – 39:06 – Бракко (Луис, Грант) СБШ

3:5 – 44:54 – Да Коста (Широков, Эберт)

Қақпашылар: Маттссон (Бобков, 26:10-60:00) – Гудачек

«Уралец» МСК. 5545 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan