ҚХЛ. «Ақ Барс»  – «Барыс» 2:1
02 Ақпан 2023

ҚХЛ. «Ақ Барс»  – «Барыс» 2:1

Сырт айдындағы матчтар сериясының бірінші ойынында «Барыс» «Ақ Барсқа» есе жіберді.

«Ақ Барспен» болған ойында жарақатынан сауыққан Кирилл Савицкий негізгі құрамға қайта оралды. Ол бапкерлер төртінші бестікке ауыстырған Михаил Рахмановтың орнын басты. Қорғаныста Иван Мищенконың орнына Юрий Сергиенко шықты.  

Матч есебін айдын иелері ашты. Қарсыластың бестіктерді ауыстыру сәтін «Ақ Барс» ұтымды қолданып, Дмитрий Воронков Юлиус Гудачектен айласын асырып кетті. Ойындағы алғашқы үзіліске аттануға аз қалғанда, Әділ Бекетаев көк жолақтың бойынан соққы жасаған, ал қарсылас қақпасының алдында тамаша ойын өрнегін көрсеткен Антон Сагадеев есепті теңестірді.

Ойынның екінші бөлігі нәтижелі соққыларсыз өтті. Қорытынды жиырма минуттықтың басында қонақтар сан басымдығына ие болған. Алайда бұл жағдайды қазандық клуб хоккейшілері өз пайдасына шешіп кетті. Михаил Глухов кем құрамдағы ойын кезінде қарсылас қақпашысымен бетпе-бет шығып, гол соқты. Бұл ойын тағдырын шешкен шайба болды.

3 ақпан күні Андрей Скабелка шәкірттері Мәскеуде «Динамомен» шеберлік байқасады.

«Ақ Барс» – «Барыс» 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 13:11 – Воронков (Сафонов, Хафизуллин)

1:1 – 18:58 – Сагадеев (Бекетаев, Савицкий)

2:1 – 42:38 – Глухов КҚШ

Қақпашылар: Мифтахов – Гудачек

«Татнефть-Арена». 7348 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan