ЖХЛ.  "Номад" – "Горняк" матчынан кейінгі баспасөз конференциясы
18 Қараша 2019

ЖХЛ. "Номад" – "Горняк" матчынан кейінгі баспасөз конференциясы

"Горняк" және "Номад" бас бапкерлері  Нұр-Сұлтандағы матчтың қорытындысын шығарды.

Олег Леонтьев, "Горняктың" бас бапкері

-Қынжылыс тудырған жеңіліс болды. Біздің сырт бейнеміз ғана керемет емес, ойынымыз да әдемі жүріп келе жатқан. Гол соғатын, бірде нөлге шығатын сәттер көп болды. Жалпы, қарсыласымызды оның аймағында жақсы қамап алған едік. Өкінішке орай, ойын соңында қорғаушының қол астынан лақтыру біздің барлық күш-жігеріміз жоққа шығарды. Өте өкінішті және әттеген-ай деген жеңіліс болды. Келесі ойындарға дайындаламыз.

Юрий Михайлис, "Номадтың" бас бапкері

- Бірінші кезеңде қарсыласымызға толық жол бердік. Кей жерде салғырттық танытып, анархиялық хоккей болды. Тапсырманы орындамады, жай ған мұз үстінде жүрді де қойды. Орта зонадан жеңіліс тапты, өз аймағында қарсыластарға ере алмады.  Шайбаны алып кете алмады, себебі қозғалыс пен айқаста әрдайым бір метрге, бір қадамға қалыс қалып отырды. Үзілісте өзгерістер жасалды, екінші кезеңде біз жақсырақ ойнадық. Есепті теңестіріліп, қатар көптігі жақсы іске асырылды. Үшінші кезеңде үш құрамаға ауысып, команда қорғаныста, әсіресе орта аймақта жақсы ойнады. Қарсыластарды басып-басып жібердік, оларға тек лақтыру ғана қалды. Қарсылас та бастамаға ие болса да, лақтырыстар бойынша біз екі рет жеңілген шығармыз. Бүгін оларда жеңіске жетуге көбірек мүмкіндік болды, жақсы сәттер жасады. Бірақ бүгін бізде іске асыру жақсырақ болды. Біздің қақпашы да үнемі қорғаныс жасап, бізді ойында қалдырып отырды. Бізде болған жалғыз сәттерде соғудай соқтық.

«Барыс» ХК бас серіктесі- «Самрук Казына» ХӘАҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan