Валерий Гурин: "Құрама Универсиадаға дайын"
07 Ақпан 2019

Валерий Гурин: "Құрама Универсиадаға дайын"

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Валерий Гурин Мұрагерлік Кубоктағы екінші матчқа түсініктеме жасады.

 - Валерий, қысқа уақыттағы екінші матч болды, қалыптарыңа келіп үлгердіңдер ме? 

- Ең алдымен барлығын жеңіспен құттықтағым келеді. Әсіресе ойынға қатысқан біздің жанкүйерлерімізге алғыс білдіремін, олар жарады! Біздің бүгінгі қалпымыз кешегіге қарағанда жақсырақ. Сәл жақсырақ қозғалдық. Ең бастысы жеңдік. Дегенмен бүгін аз құрамда біраз ойнадық. Төрешілер туралы ештеңе айтқым келмейді, дегенмен айдын иелеріне көп нәрсе кешірілген сияқты сезімдемін.

 - Қалай ойлайсың, кездесудің шешуші сәті қашан болды? 

- Бұл біздің үшінші голымыз шығар. Ол матчтың әрі қарайғы барысын айқындап берді. Жалпы екінші кезең айтарлықтай нәтижелі болды. 

- Ертең Латвия құрамасына қарсы қорытынды ойын. Қарсыластарды іс жүзінде көрдіңдер ме? 

- Жеке өзім көрген жоқпын. Біреу оларды арнайы  барып көрді деп ойламаймын. Бастысы бізге барлық жағынан артық болу керек. Латыштар адуынды  ойын ойнайды және дәстүрінше қақтығыстар өршітетін шығар. Бізге оған жауап беріп қажеті жоқ. Біз әлі өзімізге керек ойын ырғағын тапқан жоқпыз деп айта аламын. Дегенмен бәрі де қалыптасады, бұған ешқандай күмәнім жоқ. Құрама Универсиадаға дайын болатынына сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3