
Лейк-Плэсидтегі қысқы Универсиаданың хоккей турнирінің төртінші матчында Қазақстан құрама командасы плей-оффқа жолдама алудағы басты қарсыластарының бірі Словакиямен кездесіп, бірде-бір гол жібермей жеңіске жетті. Галым Мамбетәлиевтің шәкірттері тағы бірінші кезеңді өте сәтті өткізді. Максим Мухаметов, Станислав Александров, Батырлан Мұратов пен Олег Бойко соғылған шайбалардың авторлары атанды. Андрей Шутов 22 соққыға тосқауыл бола білді.
Қазақстан - Словакия 4:0 (3:0, 1:0, 0:0)
1:0 - 07:26 - Мухаметов (Мұратов, Никитин) СБШ
2:0 - 09:56 - Александров (Королёв, Бойко) СБШ
3:0 - 19:24 - Мұратов (Мухаметов)
4:0 - 28:45 - Бойко (Мұратов, Никитин) СБШ
Қақпашылар: Шутов – Вылетелка
Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің соңғы матчын 18 қаңтар күні өткізеді. Командамыз Универсиада иелері – АҚШ құрамасымен шеберлік байқасады. Матч Астана уақытымен 20:30-да басталады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.