Снежные Барсы командасының бапкерлер штабы
09 Шілде 2025

Снежные Барсы командасының бапкерлер штабы

«Снежные Барсы» командасының жаңартылған бапкерлер штабын ұсынамыз. Жастар ұжымының бас бапкері болып Антон Васин тағайындалды. Өткен маусымда маман Jastar Hokei Ligasy «Астана» командасының ойыншыларын алтын медальдарына жеткізген. Антон Александровичке Ринат Омарбеков, қақпашылармен жұмыс істеуге жауапты Алексей Плотников, жалпы дене шынықтыру бапкері Андрей Кисель мен бейне-бапкер Виктор Терехов көмектеседі.

10 шілдеде медициналық тексеруден өткеннен кейін «Снежные Барсы» жаттығуларды бастайды.

Маусымның басталуына дейінгі бақылау кездесулер туралы қосымша хабарлаймыз. Команданың оқу-жаттығу жиындарына құрамы жақын арада жарияланатын болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

111 с.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыстың қараша айында өз алаңында өтетін матчтарының басталу уақыты өзгерді

new-preview
Barys

Барыс Автомобилистен басым түсті

video-preview
Barys

Барыс - Автомобилист жеңіс бөлмесі