«Томирис» Қазақстан әйелдер чемпионатының финалдық кезеңінде ойнайды
24 Сәуір 2026

«Томирис» Қазақстан әйелдер чемпионатының финалдық кезеңінде ойнайды

2025/26 жылғы Qyzdar Ligasy маусымының медальдары үшін күресті жалғастыратын төрт команда анықталды. Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша «Томирис» 20 матчтың 17-сінде жеңіске жетіп, 34 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орын алды.

Бірінші орынды 20 ойынның 19-сында жеңіске жеткен (38 ұпай) «Айсұлу» иеленді. Финалдық кезеңге сондай-ақ «Торпедо» (24 ұпай) және «Айсұлу Таңдаулы» (16 ұпай) командалары өтті.

Жартылай финал жұптары келесідей: «Айсұлу» – «Айсұлу Таңдаулы», «Томирис» – «Торпедо». Бұл жұптардың жеңімпаздары маусымның шешуші ойынында чемпиондықты сарапқа салады, ал жеңілген командалар үшінші орын үшін кездеседі.

Қазақстан әйелдер чемпионатының шешуші матчтары 25 және 27 сәуір күндері Алматы қаласында өтеді.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б