Бояркиннің құрғақ ойыны Барысқа Хабаровскіде жеңіс әкелді
10 Наурыз 2026

Бояркиннің құрғақ ойыны Барысқа Хабаровскіде жеңіс әкелді

Наурыз айындағы алты сырт алаңдағы матчтың төртіншісін «Барыс» Хабаровск қаласында өткізді. Дисквалификацияланған Әлихан Әсетовтің орнына құрамға Максим Мухаметов енгізілді.

Алғашқы кезеңде алаң иелері шайбаны көбірек бақылап, бір рет бағананы да көздеді. Дегенмен осы кезеңде қауіпті шабуылдар «Барыс» тарапынан жиі болды. Астаналықтар көк сызықтан жасалған соққылардан кейін бірнеше жақсы мүмкіндікке ие болды.

Екінші жиырма минуттықтың басында есепті астаналықтар ашты. Артықшылықта Әлихан Өмірбеков мергендік танытып, өткен жылдың 23 қарашасынан бері жалғасқан голсыз сериясын тоқтатты. Кезең ортасында Макс Уилман қуатты соққымен Максим Дорожко қақпасының маңдайшасын тексерді. Ал екінші үзіліске 32 секунд қалғанда Майкл Веккьоне артық құрамда тағы бір шайба соқты.

Қорытынды кезеңде «Барыс» есепті сақтап, қарсыласына интриганы қайтаруға мүмкіндік берген жоқ. Матчтың соңғы нүктесін бос қақпаны дәл көздеген Веккьоне қойды. Никита Бояркин қақпаға бағытталған 34 соққыны қайтарып, осы маусымда алғаш рет «құрғақ» матч өткізді.

12 наурыз күні Михаил Кравец ойыншылары Владивостокта «Адмиралмен» кездеседі.

«Амур» – «Барыс» 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

0:1 – 21:43 – Өмірбеков (Қайыржан, Савицкий) АГ

0:2 – 39:28 – Веккьоне (Уолш, Томпсон) АГ

0:3 – 58:31 – Веккьоне (Масси, Морелли) БҚ

Қақпашылар: Дорожко – Бояркин

СЗК «Платинум Арена». 7 100 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер