2026 жылдың 17-20 тамызы аралығында Уфада маусым алдындағы «Башқұртстан Республикасының кубогы» турнирі өтеді. Жарыс қожайыны «Салават Юлаевтан» бөлек, мұнда айналмалы жүйе бойынша хабаровскілік «Амур», тольяттилік «Лада», сондай-ақ астаналық «Барыс» бақ сынайды. Қазақстандық команда турнирге келесі құраммен аттанды.
Қақпашылар: Хантер Шепард, Андрей Шутов, Владислав Нурек.
Қорғаушылар: Джейк Масси, Иэн Маккошен, Чейз Приски, Дамир Бритиков («Снежные Барсы»), Бейбарыс Оразов, Логан Дэй, Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Темірлан Айболұлы («Снежные Барсы»), Мәди Диханбек.
Шабуылшылар: Тайс Томпсон, Абзал Әлібек, Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан, Гарретт Пилон, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Асанәлі Сәркенов, Кирилл Ляпунов, Аркадий Шестаков, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов, Тимур Миндубаев («Снежные Барсы»), Батырлан Мұратов, Кирилл Савицкий.
Джастин Бэйли мен Мэйсон Морелли ұйымдастырушылық себептерге байланысты турнирге қатыспайды. Сондай-ақ жарақатынан айығып жатқан Әлихан Әсетов Астанада қалады.
«Барыстың» Қазақстан уақыты бойынша ойындар кестесі:
17 тамыз, 19:00 «Салават Юлаев» - «Барыс»;
18 тамыз, 15:00 «Барыс» - «Амур»;
20 тамыз, 13:00 «Лада» - «Барыс».
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.