Снежные Барсы Челябинскіде өткен сырт алаңдық серияны жеңіліспен аяқтады
23 Қазан 2025

Снежные Барсы Челябинскіде өткен сырт алаңдық серияны жеңіліспен аяқтады

Астаналық команда қазан айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Челябинскіде өткізген матчпен түйіндеді. Бұл ойында «Барыстар» жергілікті «Белые Медведи» командасына 2:4 есебімен есе жіберді.

Бірінші кезеңде алаң иелерінің сапынан Матвей Козырских пен Леонид Колодий мергендігімен көзге түсті. Ал көп ұзамай лиганың жаңа ойыншысы Амир Алпқарин өз командасының алғашқы шайбасын соғып, есепті қысқартты. Алайда Владислав Еуст пен Артемий Кулагин «ақ аюлардың» басымдығын арттырды. Матчтың аяқталуына алты минут қалғанда Карим Қажібеков тағы бір шайбамен айырмашылықты азайтқанымен, кездесудің нәтижесін өзгерту мүмкін болмады.

«Белые Медведи» - «Снежные Барсы» 4:2 (2:1, 2:0, 0:1)

1:0 – 08:00 Козырских (Расторгуев, Коваленко) АГ

2:0 – 09:14 Колодий

2:1 – 10:08 Алпқарин (Симахин)

3:1 – 28:52 Еуст (Колодий, Коваленко)

4:1 – 32:09 Кулагин (Коваленко, Расторгуев)

4:2 – 54:21 Қажібеков АГ

Қақпашылар: Киселёв - Лыткин

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Дмитрий Бреус

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы