Бүгін «Снежные Барсы» сырт алаңдағы ойындар алдындағы соңғы кездесуін «Локо-76» командасына қарсы өткізді. Өкінішке қарай, Илгиз Нуриев ойыншылары буллиттер сериясында 1:2 есебімен жеңілді.
Команда сапындағы жалғыз шайбаны Илья Громов соқты. Бұл оның МХЛ-дегі дебюттік голы болды.
Енді астаналық команда қысқа мерзімді сырт алаңдағы ойындарға аттанады. Пермь қаласында «МХК Молот» командасымен 17 және 18 қыркүйек күндері кездеседі.
«Снежные Барсы» - «Локо-76» 1:2 (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 – 04:05 – Громов (Айболұлы, Калиев)
1:1 – 36:08 – Белоусов (Фролов)
1:2 – 65:00 – Белоусов Б.
Қақпашылар: Емельянов – Баричев
Матч статистикасы:
Соққылар: 47-63
Қақпаға дәл тиген соққылар: 27-27
Шайба үшін талас: 27-33
Блокталған соққылар: 23-12
Күш қолдану: 14-11
Айып минуттары: 10-6
«Барыс Арена» 153 көрермен.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.