Снежные Барсы Омские Ястребтерден ірі есеппен жеңілді
23 Қыркүйек 2026

Снежные Барсы Омские Ястребтерден ірі есеппен жеңілді

Пермьдегі сырт алаңдағы ойындар топтамасын аяқтаған «Снежные Барсы» осы айдағы кезекті өз алаңдағы ойындарын бастады. Өз айдынындағы алғашқы кездесуде елордалықтар Алтын дивизионның өкілі «Омские Ястребтермен» кездесті. Өкінішке қарай, алаң иелері қарсыласына 3:8 есебімен жол берді.

Бірінші кезеңнің сәтсіз басталуы есепте үлкен айырмашылықтың пайда болуына себеп болды. «Снежные Барсы» сапындағы ойыншылардың алаңнан қуылуын пайдаланған Святослав Карпов пен Максим Моисеев Богдан Емельянов қорғаған қақпаға бір-бір шайбадан салды. Артынша Роман Ламан астаналықтардың қорғанысын бұзып, командасының үшінші шайбасын соқты.

«Барыстар» басымдықты пайдаланып, өз есебін ашты. Арманжан Калиевтің көлденең пасынан кейін Илья Громов оң жақтағы лақтыру шеңберінен соққы жасап, Дмитрий Ивченконың қақпасын дәл көздеді. Алайда алаң иелері есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқарта алмады. Владимир Мозжухин қақпа алдындағы тартыста белсенділік танытып, Емельяновтың қақпасына «Ястребтердің» төртінші шайбасын жіберді. Осыдан кейін «Снежные Барсы» қақпасында Богдан Емельяновтың орнына Кирилл Мыльников шықты. Бірінші кезеңнің аяқталуына төрт секунд қалғанда Никита Дубинкиннің пасын пайдаланған Таир Бигаринов астаналықтардың екінші шайбасын соқты.

Екінші жиырма минуттық кезең алғашқы кезеңге қарағанда әлдеқайда сабырлы өтті. Дегенмен омбылықтар өз басымдығын арттыра алды. Савелий Корзик қақпа маңындағы қайтарылған шайбаға бірінші жетіп, есепті өзгертті.

Шешуші кезеңде «Ястребтер» есеп айырмасын ұлғайтуды жалғастырды. Ярослав Ткачёв қақпашымен бетпе-бет шығып, шайбаны Кирилл Мыльниковтың қалқаншаларының астынан өткізді. Кейін Марк Кирсанов пен Тимофей Катченконың нәтижелі пасынан кейін Матвей Желтоножко МХЛ-дегі алғашқы шайбасын соқты.

«Ястребтердің» бұл кездесудегі сегізінші әрі соңғы шайбасын Роман Ламан соқты. Бұл оның матчтағы екінші голы болды. «Снежные Барсы» тек бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Егор Кравченконың пасын пайдаланған Дархан Хафаров МХЛ-дегі алғашқы шайбасын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі - 3:8.

Ильгиз Нуриев ойыншылары келесі кездесуін 25 қыркүйекте «Сибирские Снайперыге» қарсы өткізеді.


«Снежные Барсы» - «Омские Ястребтер» 3:8 (2:4, 0:1, 1:3)

0:1 - 02:25 Карпов (Ламан, Моисеев) АГ

0:2 - 07:32 Моисеев (Курьянов, Карпов) АГ

0:3 - 11:00 Ламан (Курьянов, Трофимчук)

1:3 - 13:47 Громов (Калиев, Чукреев) АГ

1:4 - 14:17 Мозжухин (Ткачев, Карпов)

2:4 - 19:26 Бигаринов (Дубинкин, Тлеухан)

2:5 - 30:51 Корзик (Тепляков, Юрчук)

2:6 - 45:04 Ткачев (Степанов) АГ

2:7 - 47:26 Желтоножко (Катченко, Кирсанов)

2:8 - 49:17 Ламан (Курьянов, Трофимчук)

3:8 - 50:24 Хафаров (Кравченко, Чукреев) АГ

Қақпашылар: Емельянов (14:17-60:00 Мыльников) - Ивченко


Матч статистикасы:

Соққылар: 33-43;

Қақпаға бағытталған дәл соққылар: 19-23;

Шайба үшін талас: 23-25;

Блокталған соққылар: 14-7;

Күштік әдістер: 18-7;

Айып уақыты: 4-12.


«Барыс Арена», 158 көрермен.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана

new-preview
Барыс

Айтмағамбетовтің покері Барысқа елордалық дербиде жеңіс әкелді

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана