Снежные Барсы жеңілістер сериясын жалғастырды
27 Қыркүйек 2026

Снежные Барсы жеңілістер сериясын жалғастырды

Бүгін «Снежные Барсы» өз алаңындағы серия аясында Альметьевскінің «Спутнигіне» қарсы алғашқы матчын өткізді. Өкінішке қарай, «Барыстар» 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

«Барыстар» кездесуді сәтті бастады. Аристарх Киреев қарсылас ойыншының алаңнан қуылғанын пайдаланып, қақпаға дәл соққы жасады. Шайба Данил Тычкиннің қақпасынан табылды. Осылайша, «Барыстар» соңғы төрт ойында алғаш рет есепті бірінші болып ашты.

Арада бір минуттан астам уақыт өткенде Матвей Умеренков есепті 2:0-ге жеткізді. Өткен ойында нәтижелі пасымен көзге түскен Умеренков бұл жолы өзі гол соқты.

Бірінші кезең «Барыстардың» пайдасына аяқталды. Алайда кезең соңында Владислав Ануфриевтің айып алаңына жіберілуіне байланысты алаң иелері екінші кезеңді кем құрамда бастауға мәжбүр болды. «Спутник» осы мүмкіндікті пайдаланып, Владимир Сафонов есеп айырмасын қысқартты.

Қонақтарға есепті теңестіру үшін үш минуттан аз уақыт қажет болды. Кирилл Мыльников қорғаған қақпаның маңындағы қарбаласты Семён Бусс пайдаланып, шайбаны қақпаға бағыттады.

Арада екі минут өткен соң Ильгиз Нуриевтің ойыншылары қайтадан алға шықты. Команда капитаны Аристарх Киреев екінші голын соғып, дубль жасады.

Осыдан кейін «Барыстар» бұдан әрі гол соға алмады. Ал «Спутник» ойыншылары Визен Талиев пен Семён Бусстың дубльдері арқылы есепті өз пайдасына өзгертті. Кездесу қонақтардың 5:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды.


«Снежные Барсы» - «Спутник» 3:5 (2:0, 1:4, 0:1)

1:0 - 06:34, Киреев (Ануфриев, Умеренков) АГ

2:0 - 07:49, Умеренков (Киреев, Ломако)

2:1 - 20:50, Сафонов АГ

2:2 - 23:07, Бусс (Сиразиев)

3:2 - 24:41, Киреев

3:3 - 28:49, Тазиев

3:4 - 31:49, Тазиев (Каримов)

3:5 - 50:14, Бусс (Каримов, Тазиев)

Қақпашылар: Мыльников - Тычкин


Матч статистикасы:

Соққылар: 43-48;

Қақпаға дәл тиген соққылар: 27-33;

Шайба үшін талас: 26-31;

Блокталған соққылар: 10-8;

Күш қолдану: 14-8;

Айып уақыты: 4-6.

«Барыс Арена», 125 көрермен

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Мэйсон Морелли ҚХЛ-де 50 ұпай жинады

new-preview
Barys

Барыс овертаймда Адмиралға есе жіберді

new-preview
6 фото
Barys

Адмирал - Барыс