Снежные Барсы - Тюменский Легионға маусымдағы алғашқы жеңісін сыйлады
Бүгін Астанада «Снежные Барсы» мен «Тюменский Легион» командалары арасындағы екінші кездесу өтті. Бұл жолы астаналықтар алғашқы матчтағы жетістігін қайталай алмады, қарсылас 4:3 есебімен маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, жеңілістер сериясын үзіп тастады.
Біздің команда сапынан шайбаларды Алихан Бақыт, бұл оның ЖХЛ-дағы үшінші голы, Карим Қажыбековтің тамаша пасынан кейін Александр Перкин және Руслан Түсүпбеков ЖХЛ-дағы алғашқы нәтижелі соққысын жасады.
Енді Антон Васиннің ойыншылары Золотой дивизион өкілдерімен өтетін ұзақ сырт алаңдағы серияға аттанады.
«Снежные Барсы» – «Тюменский Легион» 3:4 (1:1, 1:2, 0:1)
1:0 – 06:21 Бақыт (Бритиков)
1:1 – 10:38 Яновский АГ
2:1 – 20:35 Перкин (Қажыбеков, Лукавенко)
2:2 – 24:12 Быков (Карташов, Епифанов) АГ
2:3 – 34:23 Клочанов (Бикетов, Яновский)
2:4 – 53:40 Перцев (Карпов)
Қақпашылар: Куат – Масленников
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.