Бүгін Ильгиз Нуриевтің командасы «АКМ-Юниорға» қарсы сырт алаңдағы алғашқы кездесуін өткізіп, буллиттер сериясында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы кезеңде алаң иелері қарсыластың ойыншысы айып уақытына кеткен сәтті пайдаланып, есеп ашты. Рыжков Богдан Емельяновтың қақпасын қуатты соққымен дәл көздеді.
Екінші кезеңде «барыстар» есепті теңестірді. Киреевтің пасынан кейін Миндубаев қақпаға теріс бұрыштан шайба бағыттап, Николай Скрябиннің қақпасын дәл көздеді.
Негізгі уақыттың соңына дейін есеп өзгерген жоқ. Сондықтан матч тағдыры буллиттер сериясында шешілді. Алаң иелері сапынан Иван Кожарин мен Аарон Олих Богдан Емельяновты алдап өтуге тырысқанымен, «Снежные Барсы» қақпашысы екі жағдайда да командасын құтқарып қалды. Астаналықтар сапынан Киреев пен Громов өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Громовтың дәл соққысы қонақтарға жеңіс сыйлады.
Енді «Снежные Барсы» ертең сағат 21:00-де «АКМ-Юниормен» екінші кездесуін өткізеді.
«АКМ-Юниор» - «Снежные Барсы» 1:2 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 0:1)
1:0 - 16:06 Рыжков (Шилов, Лихачёв) АГ
1:1 - 26:32 Миндубаев (Киреев)
1:2 - 65:00 Громов (буллит)
Қақпашылар: Скрябин - Емельянов
Матч статистикасы:
Соққылар: 71-56
Қақпаға дәл бағытталған соққылар: 43-35
Шайбаға талас: 24-30
Блокталған соққылар: 7-16
Күштік әдістер: 9-11
Айып уақыты: 4-17

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.