Снежные Барсы өз аренасында көптен күткен жеңіске жетті
16 Қаңтар 2025

Снежные Барсы өз аренасында көптен күткен жеңіске жетті

DSC_5272.jpg

Бүгін «Снежные Барсы» мен «Стальные Лисы» арасында матч өтті, онда астаналық ұжым 3:2 есебімен жеңіске жетті. 24 секундта Артур Гросс өзінің жылдам голымен есеп ашты. Бірақ «түлкілерден» Данил Сысоев жедел шабуылымен жауап берді, оған Эрик Мухотьянов пен Никита Куричев көмектесті. Содан кейін Михаил Федоров бірінші периодта екінші тиімді шабуылды жүзеге асыра алды. Бұл кездесуде Кәрім Қажыбеков пен Владимир Корчагин есепті теңестіріп, өз командасын соңғы жиырма минутта алға жетелеген. Осы жекпе-жекте қонақтар қожайындарға қарсы тұра алмады және астаналықтар өз активтерін екі ұпаймен толықтырды.

«Снежные Барсы» - «Стальные Лисы» 3:2 (1:2, 0:0, 2:0)

1:0 – 00:24 Гросс 

1:1 – 01:19 Сысоев (Мухотьянов, Куричев) 

1:2 – 06:15 Фёдоров (Долгих, Нечаев) 

2:2 – 41:59 Кажибеков (Шипилин) 

3:2 – Корчагин (Нуржанов, Саркенов) 

Қақпашылар: Дударкиев – Крамзин

Бас төрешілерЛарин Вячеслав, Савельев Василий
Сызықтық төрешілер: Медов Константин, Даиров Дамир 

Өткізетін орны: «Барыс Арена» (Астана), 121 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі