Снежные Барсы новомосковскілік команданы жеңе алмады
21 Наурыз 2026

Снежные Барсы новомосковскілік команданы жеңе алмады

Бүгін астаналық ұжым наурыз айындағы сырт алаңдағы серия аясында «АКМ-Новомосковск» командасына қарсы матч өткізді. Кездесу Антон Васин ойыншыларының 1:2 есебімен жеңілісімен аяқталды. Қонақтар тартысты ойын көрсетуге тырысып, бірнеше мүмкіндікке ие болды, алайда соның тек біреуін ғана жүзеге асыра алды.

Астаналықтар сапында жалғыз шайбаны Аристарх Киреев соқты. Алаң иелері қатарынан Арсений Бессонов пен Владимир Козин көзге түсті.

Енді екі команда да тұрақты чемпионаттағы соңғы кездесуді ертең, Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өткізеді.

«АКМ-Новомосковск» – «Снежные Барсы» 2:1

1:0 – 37:06 Алалыкин (Кузьмин, Сапогов)

1:1 – 44:06 Киреев (Нұржанов, Миндубаев)

2:1 – 49:47 Гордюков (Бояркин, Кажарин)

Қақпашылар: Скрябин – Ряшин

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Барыс пен Горняк ойыншылармен алмасты

new-preview
Barys
Nomad

Номад пен Торпедо ойыншыларға қатысты құқықтармен алмасты

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды