Снежные Барсы Тайфунға қарсы матчта камбэк жасауға бір қадам жетпеді
26 Қазан 2025

Снежные Барсы Тайфунға қарсы матчта камбэк жасауға бір қадам жетпеді


Бүгін астаналық команда қазан айындағы соңғы ойынын өткізіп, өз алаңында Приморьеден келген «Тайфунды» қабылдады. Екінші кезеңнің алтыншы минутына дейін қонақтар басымдықты ұстап, алаң иелеріне есеп ашуға мүмкіндік бермеді. Алайда 29-минутта Асанәлі Русланұлы азшылықта ойнап жүріп, «Барыстар» сапынан алғашқы шайбаны соқты. Осы сәттен кейін астаналықтар бастаманы өз қолына алып, Айтуар Нұржанов пен Карим Қажыбеков нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті.

Матч әсерлі камбэкпен овертаймға ұласады деп күтілген еді, бірақ Артём Ремизовтың дәл соққысы кездесудің тағдырын шешіп, жеңіс «Тайфун» еншісінде қалды.

Аздаған үзілістен кейін «Снежные Барсы» өз айдынында «Спутникке» қарсы ойнайды. Кездесулер 11 және 12 қараша күндері өтеді.

«Снежные Барсы» -  «Тайфун» 3:4 (0:1, 2:2, 1:1)

0:1 – 06:59 Плаксин (Ждановский)

0:2 – 22:31 Огнев (Строчкин, Щербань)

0:3 – 26:36 Юмшанов (Ермак, Гужов)

1:3 – 29:14 Русланұлы (Бритиков) АГ

2:3 – 39:48 Нұржанов (Шевченко, Русланұлы) АГ

3:3 – 46:05 Қажыбеков (Двуреченский, Зияш)

3:4 – 57:48 Ремизов (Строчкин, Варосян) АГ

Қақпашылар: Қуат - Иванов

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис