Әлем чемпионаты  (дивизион I, А тобы). Словения – Қазақстан 2:3
29 Сәуір 2019

Әлем чемпионаты (дивизион I, А тобы). Словения – Қазақстан 2:3

Бүгін Қазақстан астанасында бірінші дивизиондағы (А тобы) ерлер командалары арасындағы хоккей бойынша Әлем чемпиоеаты басталды. Өзінің дебюттық матчында біздің еліміздің командасы Словениялық  қарсыластарымен кездесті.

Турнир иелері Слования қақпасына үш шаба енгізілген бірінші кезеңді сәтті өткізді.  Никита Михайлис дубль ресімдеп, Антон Некряч тағы көзге түсті.

Біраз уақыт есеп өзгермеді. Дегенмен, екінші кезеңнің аяқталар уақытына қарай словениялықтар Анже Куральт пен Давид Родманның дәл лақтырыстарының арқасында ойынға қайта қосылды.

Матчтың үшінші қорытынды үзігінде есепті теңестіруге біраз мүмкіндігі бар болған қонақтар белсендірек болды. Алайда қазақстандықтар қорғаныста жанқиярлықпен ойын көрсетіп, чемпионаттағы алғашқы жеңіске қол жеткізді -3:2.

Ойын күнінің басқа матчтарында Оңтүстік Корея құрамасы Венгрияны ұтты (5:1), ал Беларусь Литваның қорғанысын күйретті (4:3).

Андрей Скабелканың шәкірттері келесі матчты 1 мамырда өткізеді. Біздің команданың қарсыласы Литва құрамасы болады. Басталуы 16:30.

Словения – Қазақстан 2:3 (0:3, 2:0, 0:0)

03:54 – 0:1 – Михайлис (Диц, Сен-Пьер) ГБ

09:45 – 0:2 – Некряч

15:09 – 0:3 – Михайлис (Диц, Бойд) ГБ

37:03 – 1:3 – Куральт (Ограеншек)

38:24 – 2:3 – Родман (Копитар, Подлипник) ГБ

Қақпашылар: Пинтарич – Карлссон

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев