Роман Старченко «Барыс» сапында мансабын жалғастырады
11 Тамыз 2025

Роман Старченко «Барыс» сапында мансабын жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы тәжірибелі шабуылшы Роман Старченкомен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.

Қазақстандық хоккей аңызы клуб сапында өзінің 17-маусымын өткізбек. Айта кетейік, Старченко – Құрлықтық хоккей лигасы тарихында бір клубтың құрамында ең көп матч өткізген ойыншы (810 кездесу). Сондай-ақ, ол КХЛ-де 800 матч межесінен асқан санаулы хоккейшілердің бірі. Сонымен қатар, ол КХЛ-де 800 матч шегінен өткен оныншы хоккейші.

Өткен маусымда «Барыс» капитаны 27 ойында 12 (4+8) ұпай еншіледі. Қазіргі уақытта Роман — клуб тарихындағы екінші үздік сұрмерген. Оның қоржынында 211 шайба бар.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_0922.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер