Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін 10 команда бақ сынайды: «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа» және «Торпедо». Күнтізбе Қазақстан ұлттық құрамалары қатысатын жарыстарды, соның ішінде Азия чемпионатын, халықаралық турнирлерді, Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы, әлем чемпионаттарын және басқа да додаларды ескере отырып жасалды. Турнир үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңнің күнтізбесі өткен маусым қорытындысы бойынша командалардың иеленген орындарына сәйкес жасалды. Барлық командалар бір-бірімен екі матчтан өткізеді. Өткен маусымда алғашқы бес орынға ие болған ұжымдар бірінші кезеңде өз алаңында көбірек матч өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Екінші кезеңде барлық командалар бір-бірімен төрт кездесуден (екеуі өз алаңында, екеуі сырт алаңда) өткізеді. Осылайша, тұрақты чемпионат барысында әр команда жалпы 54 матч ойнайды.
«Номад» маусымды өз алаңындағы алты матчтық сериямен бастайды. Оның аясында астаналықтар Павлодардың «Ертісімен» (1-2 қыркүйек), Рудныйдың «Горнягімен» (6-7 қыркүйек) және «Алматымен» (10-11 қыркүйек) кездеседі. Одан кейін команда Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша сырт алаң турына аттанады. 19-20 қыркүйекте ақтөбелік «Ақтөбемен», ал 23-24 қыркүйекте атыраулық «Бейбарыспен» кездеседі.
Тұрақты чемпионаттың соңғы матчтары 2027 жыл 17 ақпанда өтеді.
Одан кейін үздік сегіз команда плей-офф кезеңіне (үшінші кезең) жолдама алып, онда Pro Hokei Ligasy чемпионы мен жүлдегерлері анықталады. Кубок кезеңі 21 ақпанда басталады. Барлық плей-офф сериялары төрт жеңіске дейін жалғасады. Финалдың жетінші матчы (қажет болған жағдайда) 16 сәуірде өтеді. Сонымен қатар, биылғы маусымда үшінші орын үшін серия жоспарланған. Ол үш жеңіске дейін жалғасып, 1-9 сәуір аралығында (қажет болған жағдайда) өткізіледі.
2026/2027 жылғы Қазақстан чемпионатының толық күнтізбесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.