ҚР Кубогында Барыс-Жас және Барыс жастар командалары ойындарының кестесі
01 Тамыз 2022

ҚР Кубогында Барыс-Жас және Барыс жастар командалары ойындарының кестесі

2022 жылғы 1-9 қыркүйек аралығында Қазақстанның үш қаласында жастар командалары арасында ҚР Кубогының кезекті ойнатылымы өтеді. Турнир шеңберіндегі матчтарды Қарағанды, елорда және Қызылжар қабылдайды.

Елордалық «Барыс» және «Барыс-Жас» ұжымдары Қарағанды мен елордада «А» және «B» топтарында өнер көрсететін болады. «Жас Батыр», «Мұнайшы», «Алматы» және «Қыран» командалары «Барыстың» қарсыластары болады.

«Барыс-Жас» ұжымы «Горняк», «Астана» және «Ястребы» командаларымен ойнайтын болады.

1 қыркүйекте «Барыс» «Мұнайшымен» кездеседі. Ойын астана уақытымен 14:00-де басталады.

«Барыс-Жас» 3 қыркүйекте«Астанамен» ойын өткізеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Әрі қарай біздің командалардың ойындары келесі тәртіппен өтеді:

3 қыркүйекте сағат 14:00-де«Барыс» - «Жас Батыр»

5 қыркүйекте сағат 14:00-де «Барыс» - «Алматы»

5 қыркүйекте сағат 19:00-де «Барыс-Жас» - «Горняк»

6 қыркүйекте сағат 14:00-де «Ястребы» - «Барыс-Жас»

6 қыркүйекте сағат 19:00-де «Қыран» - «Барыс»

8 қыркүйекте турнирдің жартылай финалдық ойындары өтеді.

9 қыркүйекте финалдық ойын өтеді.

Плей-офф кезеңінің ойындары елордада өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласының «Ястребы» ұжымы Қазақстан Жастар Кубогының қазіргі иегері болып табылады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев