Жаңа хоккей маусымы жақындап келе жатыр, бұл жаңартылған «Барыспен» танысатын кез келді деген сөз. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін 9 тамыз, жұма күні «Барыс Аренада» өтетін команданың тұсаукесеріне шақырамыз.
Көрермендерді орталық кіреберістен жіберу сағат 18.00-де басталады. Кіру тегін.
Іс-шара Арена тостағанында сағат 19:00-де басталады.
Тұсаукесерден кейін үшінші қабаттың фойесінде (А7-А11 секторларының аумағында) бапкерлер штабы мен «Барыс» ойыншыларының қатысуымен қолтаңба-сессия өтеді.
Назар аударыңыз! Қолтаңба сессиясының қатысушылары қатаң түрде 21:30-ға дейін қол жетімді болады.
БАҚ өкілдері 2023/24 жылғы ҚХЛ маусымының ресми бейдждері бойынша іс-шарада жұмыс істей алады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.