Бүгін астаналық ұжым плей-оффтың 1/4 финалы аясында «Алматыға» қарсы екінші кездесуін өткізді. 5:2 есебімен «көшпенділер» қарсыласын сенімді түрде жеңіп, реванш алды.
Бірінші кезеңде есепті Вячеслав Колесников ашты. Екінші жиырма минуттықтың небәрі 14-секундында Батырлан Мұратов есепті еселеді. Үзіліске дейін Хакназар Кеңесбай алаң иелері сапынан үшінші шайбаны соғып үлгерді.
Үшінші кезеңде Олег Бойко дубль жасап, матчтағы соңғы нүктені қойды.
Серия Алматыға ауысады. Келесі кездесулер 28 ақпан және 2 наурыз күндері оңтүстік астанада өтеді.
«Номад» – «Алматы» 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)
1:0 – 10:05 Колесников (Цыбин)
2:0 – 20:14 Мұратов (Бутенко, Старченко) АГ
2:1 – 36:26 Анисимов (Гафаров, Валиев)
3:1 – 38:18 Кеңесбай (Колесников, Макеев)
4:1 – 47:07 Бойко (Бутенко, Данияр)
4:2 – 56:06 Селезнёв (Алламов, Гусейнов)
5:2 – 58:32 Бойко (Данияр) БҚ
Қақпашылар: Калмыков - Клоберданец (Эрштейн, 47:40-58:00)
Сериядағы есеп «Номад» - «Алматы»: 11 (2:3, 5:2).
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.