Барыстың маусымалды дайындық жоспары
24 Маусым 2024

Барыстың маусымалды дайындық жоспары

«Барыстың» маусымалды дайындық жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.

«Барыстың» оқу-жаттығу жиындарының басым бөлігі Астанада өтеді. 15 шілдеде екіжақты келісімшарты бар хоккейшілер медициналық тексерістен өтіп, жаттығуларға кіріседі. 1 тамызда олардың қатарына біржақты келісімшартқа қол қойған ойыншылар қосылады.

14-18 тамыз күндері «Барыс Аренада» XIII «Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы» халықаралық турнирі өтеді. «Барыстан» өзге турнирге хабаровскілік «Амур», тольяттилік «Лада» мен Олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындық жүргізу үшін Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады. ҚРПК-2024 матчтарының кестесі кейінірек жарияланады.

20-25 тамыз аралығында Дэвид Немировски шәкірттері Омбыда өтетін «Блинов Кубогы» маусымалды турнирінде бақ сынайды. Командамыз ярославілік «Локомотив», Новосібірдің «Сибирь», челябілік «Трактор» және турнир иелері «Авангард» ұжымдарына қарсы ойнайды.

26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Астанада «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасы 2024/25 жылдар маусымы алдындағы дайындығының қорытынды кезеңі өтеді.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және Спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

preaseason (2).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер