Бейбарыс - Номад сериясы алдында
23 Қыркүйек 2026

Бейбарыс - Номад сериясы алдында

«Номад» сырт алаңдағы сериясын Атырауда жалғастырып, жергілікті «Бейбарыс» командасымен кездеседі.

Атыраулық ұжым үйдегі сериясын көкшетаулық «Арланға» қарсы матчтармен бастады. Екі ойында да алаң иелері қарсыласын жеңе алмады. Алғашқы кездесуде Егор Кутугин ойыншылары «Арланға» 0:1 есебімен жол берді. Екінші матчта атыраулықтар 1:3 есебімен жеңіліп, команда сапындағы жалғыз шайбаны Руслан Телгожаев соқты.

«Номадпен» кездесер алдында «Бейбарыс» турнир кестесінде 8 матчтан кейін 6 ұпай жинап, 7-орында тұр.

«Номад» қыркүйектегі сырт алаңдағы сериясын Ақтөбеде бастап, жергілікті командадан екі рет басым түсті. Алғашқы кездесуде елордалықтар 6:3 есебімен жеңіске жетті. Абай Маңғысбаев дубль жасаса, Әділ Бейсембаев, Даниил Цыбин, Олег Бойко және Санжар Ибрагим бір-бір шайбадан соқты. Ибрагим үшін бұл гол Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионатындағы алғашқы голы болды.

Екінші кездесуде «Номад» 5:3 есебімен жеңіске жетті. Команда сапынан Константин Двуреченский, Никита Ситников, Тимофей Симонов, Александр Мигунов және Александр Макаров мергендігімен көзге түсті.

Бүгінде «Номад» турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда 8 матчтан кейін 15 ұпай жинаған.

Матч 19:00-де басталады.

Тікелей трансляцияны Ligasy TV YouTube арнасынан тамашалауға болады.

IMG_4552.PNG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс сырт алаңдағы серияны алты ұпаймен аяқтады

video-preview
Barys

Динамо Мәскеу мен Барыс командаларының жеңіске жету бөлмесі

new-preview
12 фото
Barys

Динамо М - Барыс