Трактор – Барыс матчы алдында
31 Қазан 2025

Трактор – Барыс матчы алдында


«Барыс» қазан айындағы соңғы сырт алаң ойынын Челябинскіде өткізеді. Бұл  командалардың биылғы маусымдағы үшінші кездесуі. Бұған дейін екі команда овертаймда бір-бір рет жеңіске жеткен («Барыс» 4:3, «Трактор» 3:2).

Өткен турда Бенуа Грудың ойыншылары өз мұз айднында буллит сериясында «Автомобилистке» 1:2 есебімен есе жіберді. Михаил Григоренко жалғыз шайбаны соқты (оның есебінде 11 гол). Қақпашы Крис Дригер 24 соққыны қайтарды. Бапкер ойыншылардың ойынына көңілі толғанын, алайда команда бір ұпай жоғалтқанын айтты.

«Трактор» 21 матчта 23 ұпай жинап, Шығыс конференциясында алтыншы орында тұр. Джошуа Ливо (7+15) үздік бомбардирлердің қатарында, Семён Дер-Аргучинцев (16 пас) үздік ассистенттердің бірі. Григорий Дронов бес ойынға шеттетілген.

«Барыс» әзірге сырт алаңдағы жеңіліс сериясын тоқтата алмай келеді. Сәрсенбі күні астаналықтарда тағы да өз мүмкіндіктерін пайдалануда қиындықтар туындап,  «Авангардқа» бір шайба айырмасымен (3:4) жол берді. Мэйсон Морелли екі рет мергендік танытты, ал Кирилл Савицкий бір шайба соқты. Райли Уолш нәтижелі пас саны бойынша 10-ға жетіп, қорғаушылар арасындағы үздік бес ойыншының қатарында қалды. ҚХЛ клубтарында бас бапкер ретінде 400-ші кездесуін өткізген Михаил Кравец жеңіліске қарамастан, командада жігер бар екенін және ойыншылар соңына дейін күресетінін айтты.

Қазақстандық клуб 21 матчтан кейін 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясының плей-офф аймағында қалып отыр.

Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Тікелей эфир Qazsport арнасында көрсетіледі.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GD SOCIAL.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис