Трактор - Барыс матчы алдында
04 Қараша 2026

Трактор - Барыс матчы алдында


«Барыс» жалғасып жатқан ұзақ сырт алаңдағы ойындар сериясын Челябіде жалғастырады.

«Трактор» жексенбі күні өз мұз айдынында ЦСКА-дан овертаймда жеңілді (2:3). Никита Сошниковтың дублі мен Хенрик Хёукеландтың 20 сейві челябіліктерге ұпайсыз серияны тоқтатуға ғана мүмкіндік берді. Скотт Гордон ойыншыларына ойын ырғағына ену үшін біраз уақыт қажет болғанын айтты. Сондай-ақ маман басымдықты көпшілікте пайдалану бригадаларының әрекетіне оң баға берді.

«Трактор» 21 матчта 19 ұпай жинады. Григорий Дронов (4+13) - осы маусымдағы ең нәтижелі қорғаушылардың бірі. Жарақат алғандар тізімінде Виталий Кравцов пен Александр Рыков бар.

«Барыс» алдыңғы ойынында Санкт-Петербургте «Шанхай Дрэгонс» командасын 4:2 есебімен жеңді. Кездесудің басты қаһарманы Тайс Томпсон ҚХЛ-дағы алғашқы хет-тригін тіркеп, команда сапында маусымда 10 голдық межеден асқан екінші ойыншы атанды. Қазақстандық шабуылшы, 20 жастағы Асанәлі Сәркенов ҚХЛ-дағы алғашқы шайбасын соқты. Оның голы елордалықтарға жеңіс сыйлады. Лиганың үздік сұрмергені Джастин Бэйли (12+10) мен Гарретт Пилон (6+10) осы чемпионатта 10 нәтижелі пас межесіне жетті. Андрей Шутов 17 сейв жасады. Михаил Кравец ойыншылары жеңілістен қорықпай, тек жеңіске ұмтылғанын атап өтті.

Қазақстандық ұжым тұрақты чемпионатта 21 ойыннан кейін 25 ұпаймен келеді. Всеволод Логвин жалпы топпен екі жаттығу өткізіп, командамен бірге сырт алаңдағы сапарға аттанды. Мәди Диханбек жарақат алғандар тізімінен шығарылды, қорғаушы Астанада жеке бағдарлама бойынша жаттығуын жалғастырып жатыр. Әлихан Өмірбеков ҚХЛ-дағы 200-матчына дайындалуда.


«Трактор» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.

Тікелей трансляция KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.


«Барыс» ХК бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры КҚ.
Match day Away (8).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының сырт алаңдағы ойындары кейінге қалдырылды

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы АКМ-Юниор командасын ірі есеппен жеңді

video-preview
Snezhnye Barsy

АКМ-Юниор - Снежные Барсы жеңic бөлмесі.