Сочи – Барыс матчы алдында
17 Қараша 2025

Сочи – Барыс матчы алдында

«Барыс» батыс бағытындағы қысқа сыртқы сапарын «Сочимен» өтетін кездесумен аяқтайды.

Сенбі күні Дмитрий Михайловтың ойыншылары өз айдынында «Айдаһарларды» 4:2 есебімен жеңді. Даниил Сероух, Рафаэль Бикмуллин, Уильям Биттен және Макс Эллис мергендігімен көзге түсті. Алексей Щетилин 36 соққыны тойтарып, ҚХЛ-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Сочи» бас бапкері ойыншылары матчты жақсы бастағанын, алайда қажетсіз айыптар салдарынан ойын қарқынын жоғалта жаздағанын атап өтті. «Сочи» 24 матч қорытындысы бойынша 16 ұпай жинады. Команданың үздік сұрмергені Артур Тянулиннің еншісінде 17 (4+13) ұпай бар. Қазіргі таңда жарақат алғандар қатарында қақпашы Илья Самсонов, қорғаушы Ноэль Хёфенмайер және шабуылшы Матвей Гуськов бар.

Өткен турда «Барыс» Ярославльде «Локомотивті» алғаш рет негізгі уақытта 4:0 есебімен ұтып, биылғы маусымдағы сырт алаңдағы жеңілістер сериясын үзді. Ансар Шайхмедденов, сондай-ақ 10 ұпайлық межеге жеткен Әлихан Өмірбеков (3+7), Семён Симонов (5+5) және Эмиль Галимов (2+8) көзге түсті. Бір нәтижелі пас берген Кирилл Савицкий де 10 ұпайға (3+7) жетті. Райли Уолш команда ішінде бірінші болып 20 (7+13) ұпай жинады. ҚХЛ ойын күнінің үздік ойыншысы атанған Адам Шил 27 соққыны тойтарып, маусымдағы екінші «құрғақ» матчын өткізді. 27 ойыннан кейін қазақстандық команданың қоржынында 23 ұпай бар.

«Сочи» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 21:30-да басталады.

Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 «Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

MATCHDAY SOCIAL.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Украина – Қазақстан 3:5

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының кестесі мен құрамы

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде