Астаналық ұжым тұрақты чемпионаттың өз алаңындағы соңғы сериясын өткізеді. «Снежные Барсы» командасының қарсыласы Батыс конференциясының өкілі «Капитан» болмақ.
Астанаға келер алдында ступинолықтар сырт алаңда «Красноярские Рыси» командасына қарсы ойында 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Қонақтар сапындағы жалғыз шайбаның авторы Матвей Бабенко болды. Бұған дейін Денис Куляш ойыншылары өз алаңында «Динамо-Карелия» командасымен екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Бірінші ойында 4:3 есебімен Виктор Вергейчик, Матвей Бабенко, Данила Лапшов және Владислав Дроздов нәтижелі болды. Екінші кездесуде Матвей Бабенко хет-трик жасады, Владислав Дроздов тағы да ұпай қосты. Сондай-ақ Виктор Вергейчик пен Степан Вишняков та шайба соқты.
Кездесу алдында «Капитан» Серебряный дивизионның турнирлік кестесінде 57 ойында 51 ұпаймен жетінші орында тұр.
Команданың соңғы бес ойындағы ең нәтижелі ойыншысы Матвей Бабенко, ол 9 (5+4) ұпай жинаған.
«Снежные Барсы» өз алаңындағы матчты Нижний Новгород пен Қазандағы сырт алаң сериясынан кейін өткізеді. «Чайка» командасына қарсы ойында 1:5 есебімен жеңіліс кезінде жалғыз шайбаны Әлихан Бақыт соқты. «Ірбіс» командасымен өткен ойында (1:3) бір ғана гол Таир Бигариновтың еншісіне жазылды.
Бұған дейін астаналықтар өз алаңында қазандықтарды қабылдап, сенсациялық түрде 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ол ойында Мстислав Шипилин мен Никита Ситников шайба соққан.
Бүгінгі таңда «Снежные Барсы» Күміс дивизионның Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде 51 ойында 21 ұпаймен соңғы орында тұр.
Соңғы бес кездесуде команданың ең нәтижелі ойыншысы Тимур Миндубаев, ол 1 (0+1) ұпай жинаған.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.