СКА-ВМФ – Барыс матчы алдында
28 Тамыз 2026

СКА-ВМФ – Барыс матчы алдында

Санкт-Петербургте Николай Пучков атындағы турнирдегі екінші матчында «Барыс» СКА-ВМФ командасымен кездеседі.

Бүкілресейлік хоккей лигасында өнер көрсететін СКА-ның фарм-клубы турнирдегі жолын «Адмиралға» 1:2 есебімен жеңілуден бастады. Команданың жалғыз шайбасын петерборлықтардың қақпашыны алмастырып, алтыншы ойыншымен шабуылға шыққан сәтінде Максим Казаков соқты. Қақпашы Глеб Саранчук қақпаға бағытталған 11 соққыны қайтарды.

«Барыс» кеше тартысты кездесуде СКА-ға буллиттер сериясында 1:2 есебімен жол берді. Маусым алдындағы ойындардағы мергендік есебін Всеволод Логвин ашты, оған Самат Данияр нәтижелі пас берді. Хантер Шепардтың еншісінде 19 сейв бар. Астаналықтар сапында алғаш рет шабуылшы Джастин Бэйли мұз айдынына шықты.

СКА-ВМФ – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.

Турнирдің барлық ойындарын «Кинопоиск» платформасынан тікелей эфирде көруге болады.

«Барыс» ХК-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

IMG_6841.PNG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номад қатарынан 13-ші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
12 фото
Nomad

Торпедо - Номад

new-preview
Nomad

Екінші матч алдында «Торпедо» - «Номад».