Сібір - Барыс матчы алдында
20 Наурыз 2026

Сібір - Барыс матчы алдында

2025-26 жылдардағы ҚХЛ тұрақты чемпионатының соңғы матчын «Барыс» Новосибирск қаласында өткізеді.

«Сібір» командасы плей-офф кезеңіне шығуды ғана қамтамасыз етіп қоймай, қарсыласын да анықтап үлгерді (ол Құрлық кубогының иегері «Металлург»). Өткен турда новосибирскілік команда өз алаңында негізгі ойыншыларысыз СКА-ны 4:1 есебімен жеңді. Шайбаларды Илья Федотов, Илья Талалуев, команданың үздік сұрмергені Антон Косолапов (17+20) және Михаил Абрамов соқты. Антон Красоткин 29 сейв жасады.

Тұрақты чемпионаттың 67 матчында Ярослав Люзенковтың ойыншылары 67 ұпай жинады. Қазіргі уақытта жарақат алғандар қатарында шабуылшылар Валентин Пьянов, Павел Ткаченко және Сергей Широков бар.

«Барыс» дүйсенбі күні Астанада қатарынан екінші рет «Адмиралға» 2:6 есебімен жол берді. Бұл ойында Тайс Томпсон мен Әлихан Әсетов шайба соқты. Томпсон өзінің нәтижелі сериясын бес ойынға дейін ұзартса, Әсетов ҚХЛ-дегі жеке нәтижелілік рекордын қайталады. Райли Уолш маусымда 30 нәтижелі пас межесіне жетті. Ол әлі де Майкл Веккьонемен (19+26) бірге команданың үздік бомбардирлері тізімінде көш бастап тұр. Никита Бояркин қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

Маусымның соңғы матчы алдында қазақстандық команда 53 ұпаймен келеді. Медициналық себептерге байланысты Новосибирскідегі кездесуді Ансар Шайхмедденов, Эмиль Галимов және Максим Мухаметов өткізіп алады.

«Сібір» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 17:30-да басталады.

Ойынның тікелей трансляциясы KHL Prime телеарнасында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

matchday social (1).jpg 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Швейцария 2:3

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Украина – Қазақстан 3:5