Қыс маусымындағы алғашқы ойында «Барыс» сырт айдында «Сібірмен» кездеседі. Тағы бір қызық дерек – астаналық ұжымға биылғы маусымда новосібірліктердің үшінші бас бапкері қарсы тұрмақ. Вадим Епанчинцев пен Вячеслав Буцаев қызметінен кеткеннен кейін команданы Ярослав Люзенков жаттықтырып жүр.
Өткен турда «Сібір» өз айдынында «Автомобилистен» (2:4) жеңілді. Айта кетерлігі, екатеринбургтік хоккейшілер қақпаға небәрі 17 соққы бағыттағанымен, Антон Красоткин олардың 14-ін қайтара алды. «Сібір» құрамында Антон Косолапов пен Илья Федотов гол соқты. Новосібір командасының басшысы ойыншылар гол соғу мүмкіндігін толық пайдалана алмағанын, ал қарсыластың шеберлігі олардың санаулы мүмкіндікті орындауына жағдай жасағанын атап өтті.
31 матч қорытындысы бойынша «Сібір» 21 балл жинады. Команданың ең үздік бомбардирі - қорғаушы Егор Аланов (3+12). Ол «Барыспен» болатын ойынның алдында жарақат алғандар қатарында тіркелген. Сонымен қатар Валентин Пьянов пен Сергей Широковта лазаретте. Апта ішінде новосібірліктер тәжірибелі Владимир Ткачёвты «Торпедоға» айырбастап, оған қоса форвардтар Михаил Абрамов пен гол соғып үлгерген Антон Косолаповты, сондай-ақ қаржылай өтемақы алды. Бұдан бөлек, клуб менеджерлері көп жылдық көшбасшы Тайлор Бекті қайта шақырды. Ол маусымды Швейцария чемпионатында бастаған еді.
Сенбі күні «Барыс» сырт айдында «Металлургке» (2:5) есе жіберді. Матчтың шешуші бөлігі екінші кезең, дәл осы аралықта астаналықтар қарсыластың үш нәтижелі қарсы шабуылына төтеп бере алмады. Біздің команда сапында Тайс Томпсон мен Максим Мухаметов көзге түсті. Самат Данияр ҚХЛ-дегі 250-матчын өткізді. Андрей Шутов 30 сейв жасады. Михаил Кравецтің айтуынша, екінші периодта ойын тәртібін бұзған хоккейшілер табылып, бұл нәтижеге тікелей әсер еткен.
Қазіргі таңда қазақстандық команда 32 ойыннан кейін 27 балл иеленіп отыр.
Магнитогорскідегі ойынды жарақатына байланысты өткізіп алған Майкл Веккьоне алаңға қайта оралуы күтіледі.
«Сібір» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 17:30-да басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.