Северсталь – Барыс матчы қарсаңында
06 Желтоқсан 2024

Северсталь – Барыс матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Guest (1).jpg

«Барыс» сырт айдындағы қысқа матчтар сериясын Череповецте ашады.

«Северсталь» өткен тур ойынын Тольяттиде өткізіп, «Лада» қақпасынан саңылау таба алмады (0:1). Череповец қаласы командасы қарсылас қақпасына 33 соққы жасады – Владислав Подъяпольский барлығына тосқауыл болды. Андрей Козырев командасының шайба соғатын мүмкіндіктер кезінде әлсіз ойын өрнегін көрсеткенін және сан басымдығын жүзеге асыруда мәселелер бар екенін атап өтті. «Северсталь» маусымның 33 ойынында 36 ұпай еншіледі. Команданың ең нәтижелі ойнышысы – Кирилл Пилипенко (14+12) мен чемпионаттың үздік снайперлерінің қатарына кіретін Данил Аймурзин (14 гол).

«Барыс» сәрсенбі күні өз айдынында «Спартакқа» жол берді – 2:4. Маусымдағы он ұпай межесінен асқан Антон Бурдасов (6+5) пен команданың үздік сұрмергені Әлихан Өмірбеков (6+8) шайба соғып, көзге түсті. Құрлықтық хоккей лигасындағы 300-кездесуін өткізген Иван Николишин нәтижелі пас берді. Андрей Шутов 26 соққыға тосқауыл болды. Ғалым Мамбетәлиев шабуыл нүктесін қояр сәтте жауапты ойнағанда командасының жеңіске жетуге мүмкіндігі болғанын айтты.

Астаналық команда тұрақты чемпионаттағы кездесулердің жартысын өткізді, қоржындағы ұпай саны өзгеріссіз – 21. Никита Бояркин кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша Лиганың үздік бес қақпашысының қатарына кіреді (93,3).

«Северсталь» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 21.00-де басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы