Сырт айдындағы матчтар сериясының үшінші ойынын «Барыс» Уфада өткізеді.
Соңғы бес ойында «Салават Юлаев» мүмкін болған он ұпайдың тоғызын еншілеген. Өткен турда Башқұртстан астанасы командасы өз айдынында «Ладаны» (3:1) жеңді. Ярослав Цулыгин, Денис Ян мен Данил Алалыкин өзінің снайперлік есептерін толықтырды. Александр Самонов 29 соққыны кері қайтарды. Виктор Козлов қарсыластың қарқынына төтеп беру оңай болмағанын атап өтті.
Уфалық ұжым 29 кездесуде 31 ұпай олжалаған. «Салават Юлаевтың» ең нәтижелі ойыншысы Джошуа Ливо (12+11) Лиганың үздік сұрмергендері мен снайперлерінің бестігіне кіреді. Шабуылшы Глеб Кузьмин команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде.
Сәрсенбі күні «Барыс» Нижнекамскіде овертаймда «Нефтехимикті» жеңіп (2:1), жеңілістер сериясын үзді. Маусымда төрт голдан соққан команданың үздік снайперлері – Әлихан Өмірбеков пен Кирилл Панюков тағы да нәтижелі соққыларымен көзге түсті. Никита Бояркин 40 соққыға тосқауыл болып, сенімділік коэффициенті (2,15) мен кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша (93,3) чемпионаттың үздік қақпашыларының қатарына қайта оралды. Шабуылшы Абай Маңғысбаев Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасады. Ғалым Мамбетәлиев қазіргі таңда «Барыс» өз ойыншыларымен қайта түлеу кезеңінен өтіп жатқанын айтты.
Қазақстандық ұжым 25 ойында 16 ұпай олжалаған. Әлихан Өмірбеков (4+4) астаналық команданың үздік сұрмергені болып қала беріп отыр. Роман Старченко «Барыстың» жарақат алған ойыншылары тізіміне ауыстырылды.
Биылғы маусымда командалар Қазақстан астанасында бір рет кездескен. Қазан айында «Салават Юлаев» 3:2 есебімен жеңісті қанжығасына байлаған болатын.
«Салават Юлаев» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.