Астанаға сапар алдында красноярлықтар Ярославль командасына қарсы сырт алаңдағы матчтар өткізді, бұл кездесулерде ұпайлар тең бөлінді. Алғашқы ойында 4:2 есебімен Валентин Копылов ойыншылары жеңіске жетті. Нәтижелі шабуылдарымен Амир Масандилов пен Иван Морозов көзге түссе, Артём Крутов дубль авторы атанды. Екінші матчта «Рыси» қарсыласына буллиттер сериясында 3:4 есебімен жол берді. Красноярлықтар сапында Александр Овчинников, Михаил Снигирёв және Иван Морозов шайба соқты.
Астаналықтармен кездесу қарсаңында «Красноярские Рыси» Шығыс конференциясының Күміс дивизионында 40 матчтан кейін 33 ұпай жинап, алтыншы орында тұр. Соңғы бес ойында Артём Крутов алты ұпай (2+4) жинап, команданың ең нәтижелі ойыншысы атанып отыр.
Ал «Снежные Барсы» өз кезегінде Владивостоктағы бір матчтық сырт алаң сериясын аяқтады. Бұл кездесуде астаналықтардың қарсыласы приморлық «Тайфун» болды. Астаналық ұжым 4:8 есебімен жеңіліс тапты. Қонақтар құрамында Александр Симахин мен Таир Биғаринов нәтижелі әрекеттерімен көзге түссе, Никита Ситников Асанәлі Русланұлының қолдауымен дубль жасады.
Асанәлі Русланұлы үшін бұл матч мерейтойлық болды. Шабуылшы Жастар хоккей лигасындағы өзінің 50-ші ұпайын еншіледі.
Қазіргі таңда «Снежные Барсы» Күміс дивизионның турнирлік кестесінің соңында орналасып, 30 матчта 9 ұпай жинаған. Соңғы бес кездесуде Асанәлі Русланұлы алты ұпай (1+5) жинап, команданың ең нәтижелі ойыншысы атанды.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.