«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясын Гагарин Кубогы иегері «Металлургпен» ойынмен бастайды.
Магнитогорскілік команда дүйсенбі күні «Северстальді» жеңіп (4:1), ресми түрде плей-оффқа жолдама алды. Бұл ойында Артем Минулин, Макар Хабаров, Трой Джозефс пен Люк Джонсон өз есептеріне бір шайбадан жазды. Илья Набоков қақпасына жасалған 16 соққының 15-ін кері қайтарды. Андрей Разин командасы маусымдағы ең сенімді жеңістерінің біріне қол жеткізгенін айтты.
«Металлург» маусымның 58 матчында 74 ұпай еншіледі. Команданың үздік сұрмергені Робин Пресс (3+30) чемпионаттың үздік қорғаушыларының алтылығына кіреді. Қорғаушы Владислав Еременко мен шабуылшы Данила Юров жарақат алған ойыншылар тізімінде.
«Барыс» өткен турда өз айдынында «Адмиралдан» жеңілді (2:4). Астаналық ұжым сапынан Роман Старченко мен Дінмұхамед Қайыржан шайба соқты. Андрей Шутов 25 соққыға тосқауыл болды. Батырлан Мұратов пен Әлихан Өмірбеков ҚХЛ-дағы 100-кездесуін өткізді. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттерінің тұрақсыз ойын өрнегін көрсететінін жеткізді.
Қазақстандық ұжым қоржынындағы ұпйа саны өзгеріссіз – 58 матчтан кейін 29 ұпай. Команданың сырт айдындағы матчтар сериясына жарақат алған ойыншылар тізіміне қосылған Кирилл Савицкий қатыспайды.
«Металлург» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.