Құлагер – Номад матчы алдында
10 Желтоқсан 2025

Құлагер – Номад матчы алдында


Астаналық ұжым желтоқсан айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Петропавл қаласында бастайды.

«Құлагер» сырт алаңдағы сапарын Алматыдағы кездесулермен аяқтады. Бұл жерде команда қарсыласын екі мәрте жеңді. Алғашқы матчта 3:1 есебімен басым түсіп, шайбалардың авторлары Герман Шапорев, Максим Базанов және Ян Хоменко болды. Екінші кездесуде 5:3 есебімен жеңіске жеткен «Құлагер» сапынан Ян Хоменко тағы да мергендігімен көзге түсті, сондай-ақ Дмитрий Исмагилов, Александр Своеволин, Александр Воробьёв пен Роман Коваленко нәтижелі шабуылдарды жүзеге асырды.

Астаналықтармен өтетін матч қарсаңында «Құлагер» 32 ойында 42 ұпай жинап, тұрақты чемпионаттың аралық кезеңінде көшбасшы бестікті түйіндеп тұр.

Ал «Номад» ойыншылары өз кезегінде Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып, барлық қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды. Тұрақты біріншіліктегі қараша айы команда үшін Өскемен қаласындағы сырт алаңдағы матчтармен аяқталды. Бұл кездесулерде «көшпенділер» «Торпедомен» ұпай бөлісті. Алғашқы ойында «Номад» 4:2 есебімен жеңіске жетіп, Саян Данияр, Диас Гусейнов, Олег Бойко және Руслан Оспанов шайба авторлары атанды. Ал екінші матчта «Торпедо» айқын басымдық танытып, Константин Пушкарёвтің ойыншылары 2:5 есебімен жеңіліс тапты. Астаналықтар сапынан Олег Бойко мен Абай Маңғыспаев мергендік танытты.

Қазіргі таңда «Номад» 28 ойында 48 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы