Динамо Мәскеу – Барыс матчы қарсаңында
17 Желтоқсан 2024

Динамо Мәскеу – Барыс матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Guest.jpg

Чемпионаттағы үзілістен кейін «Барыс» сырт айдында мәскеулік «Динамомен» кездеседі.

Мәскеулік команда Лигадағы үзіліс алдында өз айдынында «Металлургті» жеңген (3:2). Дмитрий Рашевский дубль жасаса, тағы бір шайбаны Максим Комтуа соқты. Максим Моторыгин 33 соққыға тосқауыл болды. Алексей Кудашов ойынның тең дәрежеде өткенін, алайда матч соңындағы нәтижелі шабуыл мәскеулік команданың екі ұпай олжалауына мүмкіндік бергенін айтты.

Маусымның 35 ойынында «Динамо» 47 ұпай еншілеген. Никита Гусев (14+20) – тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергені. Максим Моторыгин сенімділік коэффициенті бойынша Лиганың үздік бес қақпашысының қатарына кіреді (2,03). Бреннан Меннел (4+16) – ҚХЛ нәтижелі қорғаушыларының бірі.

«Барыс» үзіліс алдында қатарынан сегіз матчта жеңіліс тапты. Өткен ойында астаналықтар Санкт-Петербургте СКА қақпасының кілтін таба алмады (0:1). Бұған дейінгі үш ойында гол соққан команданың үздік снайпері Антон Бурдасов өзінің нәтижелі сериясын үзді. Никита Бояркин қарсыластың 35 соққысына тосқауыл болды. Бүгінде ол – кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша Лиганың үздік төрт қақпашысының бірі (93,5). Ғалым Мамбетәлиев тағы да шәкірттерінің өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қиындықтармен бетпе-бет келгенін атап өтті.

Қазақстандық ұжым қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 36 матчтан кейін 21 ұпай. Әлихан Өмірбеков (6+8) – қазіргі таңдағы «Барыстың» үздік сұрмергені. Виктор Антипин мен Дамир Жафяров жарақат алған ойыншылар тізімінен шығарылды. Алайда олардың бүгінгі матчқа қатысуы екіталай. Оның орнына жақында ғана Астанаға оралған қорғаушы Мәди Диханбек ҚХЛ-да дебют жасауы мүмкін.

 

«Динамо» Мәскеу – «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 21:30-да басталады.

Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы