Динамо Минск – Барыс матчы қарсаңында
21 Қазан 2024

Динамо Минск – Барыс матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Guest (2).jpg

«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясын Минскте жалғайды. Бүгін Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері «Динамоға» қарсы ойнайды.

Минскілік хоккейшілер өткен турда өз айдынында «Нефтехимикті» жеңді (4:1). Беларусь астанасы командасының жеңіске жетуіне Роман Горбунов, Джордан Гросс, Роберт Хэмилтон мен Брэйди Лайлдың дәл соққылары көмектесті. Қақпашы Андрей Тихомиров 21 сейв жасады. Дмитрий Квартальнов сан басымдығында соғылған голдың маңыздылығын атап өтіп, бұл көрсеткіште үлкен әлеует бар екенін айтты.

Маусымның 16 матчында «Динамо» 19 ұпай олжалады. Команданың ең нәтижелі ойыншылары – Сэм Энэс (5+8) пен Александр Волков (3+10). Андрей Тихомиров сенімділік коэффициенті бойынша Лиганың үздік алты қақпашысының қатарында (2,02). Команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде қақпашы Андрей Кареев, қорғаушы Павел Денисов пен шабуылшы Андрей Стась бар.

«Барыс» сенбі күні Ярославльде чемпионат көшбасшысы «Локомотивпен» күреске толы кездесу өткізгенімен, айдын иелері мықтырақ болды (3:1). Әлихан Әсетов биылғы маусымдағы алғашқы шайбасын соқты. Илья Хохлов пен Виктор Антипин астаналық команда сапындағы бірінші нәтижелі пастарын берді. Никита Бояркин қақпасына жасалған 20 соққыны кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев команданың физикалық жағдайымен жұмыс істеу керектігін, алайда ойыншылардың матчқа барын салуы жағынан мін тағылмайтынын айтты. «Барыстың» қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 17 матчтан кейін 7 ұпай.

«Динамо» Минск – «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 21:10-да басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б