
«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясының екінші ойынында «Тракторды» қабылдайды.
Челябілік ұжым маусымды сырт айдында бастап, «Автомобилистен» жеңіліс тапты (2:3). Бірақ, «Трактор» қарсыласына қарағанда үш есе көп соққы жасағанын атап өту керек. Екатеринбургтік команданың қақпашысы Евгений Аликин 46 соққыға тосқауыл болды. Ал оның қарсыласы Зак Фукале 16 соққының 13-іне ғана тойтарыс бере білді. Александр Шаров пен Виталий Кравцов жаңа маусымдағы алғашқы шайбаларын соқты. Челябілік команданың бас бапкері Бенуа Гру шәкірттерінің мұз айдында дұрыс әрекет жасап, шешім қабылдағанын, алайда сан басымдығы мен кем құрамдағы ойында әлсіз болып, жеңіліс тапқанын айтты. Тұрақты маусымның алғашқы үш ойын күнінен кейін «Трактор» Шығыс конферецниясы турнирлік кестесінде 8-орында тұр.
«Барыс» сәрсенбі күні «Нефтехимикке» қарсы болған ойында жеңіліс тапты (1:2 – овертайм). Астаналық команда сапындағы алғашқы шайбасын Уэйд Эллисон соқты, сонымен қатар клубтың жаңа ойыншылары Майкл Маклауд пен Уилл Бутчер де нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті. Юхан Маттссон өзі қорғаған қақпаға жасалған 31 соққыға тосқауыл болды. Аңсар Шайхмедденов, Дінмұхамед Қайыржан, Әлихан Өмірбеков пен Руслан Оспанов сынды клубтың жас тәрбиеленушілері айтарлық көп ойын уақытын алды. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Дэвид Немировски алда соққы мен қарсылас қақпасы алдындағы ойынға көп мән беру керектігін айтты.
Бүгінде қоржынында бір ұпайы бар «Барыс» Шығыс конференциясында жетінші орында тұр. Жарақат алғандар тізіміндегі Батырлан Мұратовтың қатарына енді шабуылшы Владислав Кодола қосылды.
«Барыс» - «Трактор» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассалары мен hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.