Барыс – Спартак матчы қарсаңында
10 Ақпан 2024

Барыс – Спартак матчы қарсаңында

«Барыс» алты ойынға жалғасқан өз айдынындағы матчтар сериясын «Спартакқа» қарсы кездесумен түйіндейді.

Сырт айдында төрт жеңімке қол жеткізген мәскеулік ұжым сапарын Қазақстанда жалғастырады. Өткен турда «Спартак» Омбыда «Авангардты» жеңді (5:3). Омбылық клуб қақпасына соғылған шайбалардың авторлары – Ансель Галимов, Шэйн Принс, Дмитрий Вишневский, Александр Беляев пен Максим Цыплаков. Андрей Кареев қақпасына жасалған 40 соққыға тосқауыл болды.

«Спартак» плей-офф жолдамасын иеленген командалар қатарында. Клуб қоржынында маусымның 61 ойынынан кейін 80 ұпай бар. Мәскеулік команданың үздік сұрмергені Николай Голдобин (34+36) чемпионаттың ең нәтижелі ойыншылары үштігіне кіреді. «Спартактың» жарақат алғандар тізімінде қақпашы Патрик Рибар, қорғаушы Джозеф Кин мен шабуылшы Андрей Локтионов бар.

«Барыс» бейсенбі күні буллиттер сериясында СКА-ға есе жіберіп (1:2), плей-оффқа шығатын барлық мүмкіндігінен айырылды. Нельсон Ножье маусымдағы алтыншы шайбасын соқты. Эдвард Паскуале өз есебіне 35 сейвті жазды.

Қазақстандық ұжым 60 ойында 46 ұпай олжалай білді. Команданың үздік сұрмергені Понтус Обергтің қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 34 (16+18). Джозеф ЛаБейт жарақат алғандар тізімінен шығарылса, Алекс Грант пен Батырлан Мұратов бұл қатарда қала беріп отыр.

gd_social (22).jpg

Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.

Ойынды KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.  
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис Айсұлуға тағы да есе жіберді

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

new-preview
Tomiris

Томирис бірінші орынға оралды