«Барыстың» тұрақты маусым аясындағы кезекті қарсыласы – «Спартак». Бүгін астаналық команда маусымдағы 34-матчын өткізіп, биылғы чемпионаттың бел ортасынан асады.
«Спартак» - Батыс Конференциясы көшбасшы командаларының бірі, Өткен турда мәскеуліктер сырт айдында «Автомобилиске» жеңісті қолдан беріп қоя жаздады. Екатеринбургтік команда 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді. Әйткенмен, буллиттер сериясында «Спартак» мықтырақ болды. Мсәкеулік ұжым сапынан Александр Пашин, Иван Морозов, Даниил Орлов пен Михаил Мальцев өздерінің снайперлік есептерін толықтырды. Матчтағы шешуші соққының авторы – Павел Порядин. Қақпашы Дмитрий Николаев 17 соққыны кері қайтарған. Алексей Жамнов командасының 40 минут бойы жақсы ойнағанын, қарсылас қарқынын күшейткен кезде қарбалас туындағанын айтты.
33 ойында «Спартак» 46 ұпай еншіледі, оған қоса команда Лиганың ең нәтижелі ұжымдарының үздік үштігіне кіреді (107 шайба соққан). Команданың ең үздік сұрмергені – Павел Порядин, оның қоржынында 15 голы мен 14 нәтижелі пас бар. Қорғаушы Андрей Миронов жарақат алғандар тізімінде.
«Барыс» жексенбі күні сырт айдында тағы бір мәскеулік клуб – ЦСКА-дан жеңілді (1:3). Команданың матчта соққан жалғыз шайбасының авторы – Антон Бурдасов (маусымдағы 5-голы). Ғалым Мамбетәлиев жеңіліске қарамастан, командада прогресс бар екенін және ең бастысы барлық хоккейшілер жан-тәнін салып ойнайтынын айтты.
Қазақстандық ұжым 33 матчта 21 ұпай еншіледі. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Әлихан Өмірбековтің қоржынында 12 (5+7) ұпай бар. Астаналық ұжымның жарақат алған ойыншылары тізімі өзгеріссіз – қорғаушы Виктор Антипин, қорғаушылар Дамир Жафяров пен Роман Старченко әлі де командаға көмектесе алмайды.
«Барыс» - «Спартак» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан алуға болады.
Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.