
«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын жаңа бас бапкер Вячеслав Буцаевтың жетекшілігінде жалғастырады. Бүгінгі қарсылас - «Сочи».
Сочи қаласының командасы Қазақстан астанасына келер алдында қатарынан үш матчта жеңіоіс тапқан. Өткен турда сочилік хоккейшілер Новосібірде «Сібір» командасына есе жіберді (2:4). Андрей Никонов пен Тимур Хафизов дәл соққыларымен көзге түсті. Олардың екінші маусымдағы бесінші голын соқты және шабуылшы команданың үздік сұрмергені (5+1). Қақпашы Сергей Иванов 20 соққының 17-сіне ғана тосқауыл бола алды. Сергей Зубов шәкірттеріне шешуші сәтте пас пен соққының жетіспегендігін айтты.
«Сочи» жеті матчта төрт ұпай иеленген. Әріптестеріне алты рет нәтижелі пас берген Даниил Сероух чемпионаттың үздік ассистенттерінің тізімінде. Қорғаушы Роман Манухов пен шабуылшы Амир Гараев жарақат алғандар қатарында.
Дэвид Немировскимен келісімшартты тоқтатқан «Барыс» өз айдынында мәскеулік «Динамоға» жол берді, оның үстіне астаналық хоккейшілер тағы да бір шайбадан артық гол соға алмады. Матятағы жалғыз шайба сан басымдығы кезінде Әлихан Өмірбеков (маусымдағы алғашқы голы) соқты. Кирилл Савицкий өз есебіне маусымдағы алғашқы нәтижелі пасын жазды. Юхан Маттссон 34 сейв жасады.
Астаналықтардың қоржынында сегіз матчтан кейін үш ұпай бар. Майкл Маклауд (2+1) – команданың үш ұпай олжалаған жалғыз ойыншысы. Әрі «Барыстың» канадалық форварды шайбаны ойынға қосудағы жеңіске жету саны (128) мен пайыздық көрсеткіші (68,1%) жағынан Лигада көш бастап тұр.
«Барыс» - «Сочи» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан алуға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.