«Барыс» қазан айындағы өз алаңындағы ойындар сериясының екінші кездесуінде «Сібір» командасын қабылдайды.
Новосібірлік ұжым сырт алаңдағы сапарын «Тракторды» 2:1 есебімен жеңуден бастады. Ярослав Люзенков ойыншыларына жеңіс сыйлаған Архип Неколенко дубль авторы атанса, Антон Красоткин қақпасына бағытталған 32 соққыны қайтарды. «Сібір» бас бапкері ойыншыларының сан жағынан кем құрамда және жалпы қорғаныста сауатты ойнағаның атап өтті.
14 матчтан кейін «Сібір» қоржынында 11 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында оныншы орында келеді. Даррен Диц (5+8) қазіргі чемпионаттағы қорғаушылар арасында ең көп ұпай жинаған ойыншы атанып, бұғатталған соққылар саны бойынша да Лига көшін бастап тұр (43). Челябинскіде өткен ойын алдында новосібірліктер қорғаушы Даниил Чайкамен екіжақты келісімшарт жасасты. Қазіргі уақытта Михаил Абрамов, Даниил Валитов және Максим Осипов жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды.
Сенбі күні «Барыс» өз мұз айдынында «Авангардты» 5:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, осы маусымда алғаш рет қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті. Омбы командасының қақпасына екі голдан Джастин Бэйли мен Тайс Томпсон соқты. Чемпионаттың үздік мергені Бэйли өзінің оныншы шайбасын енгізді. Тағы бір голдың авторы Мэйсон Морелли атанды.
Чейз Приски ұпай санын 10-ға (2+8) жеткізсе, Логан Дэйдің еншісінде 11 ұпай (2+9) бар. Андрей Шутов қақпаға бағытталған 41 соққыны қайтарды. Михаил Кравец командасының бапкерлер тапсырмасын толық орындап, гол соғатын мүмкіндіктерін дер кезінде пайдаланғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жеңіске жетудің негізгі себептерінің бірі болды.
13 ойыннан кейін 16 ұпай жинаған астаналықтар Шығыс конференциясында үшінші орында тұр. Джастин Бэйлидің еншісінде 10 гол мен 6 нәтижелі пас бар. Осы көрсеткішінің арқасында ол чемпионаттың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне енді. Мәди Диханбек әлі де жарақатына байланысты қатардан тыс қалды.
Бұл маусымда «Барыс» пен «Сібір» бұған дейін бір рет кездескен. Чемпионаттың алғашқы кезеңінде қазақстандық клуб қарсыласын 7:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.
«Барыс» - «Сібір» матчы Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Кездесудің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында жоспарланған.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.