Барыс – Сібір матчы қарсаңында
06 Наурыз 2025

Барыс – Сібір матчы қарсаңында

GAMEDAY social.jpg

«Барыс» көктемнің алғашқы өз айдынындағы матчтар сериясында «Сібірді» қабылдайды.

Әзірге Шығыс конференциясы үзідк сегіздігін түйіндеп тұрған Новосібір қаласы командасы өткен турда өз айдынында «Ақ Барсқа» жол берді (3:6). Бұл ойында Энди Андреофф дубль жасаса, тағы бір шайбаны Владимир Бутузов өз есебіне жазды. Антон Красоткин 31 соққыға тосқауыл болды. Вадим Епанчинцев шәкірттерінің кей микросәттерде жеңіліс тапқанын жәнеөз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қиындықтарға тап болғанын айтты.

Маусымның 60 ойынында «Сібір» 61 ұпай еншіледі. Тревор Мерфи (13+43) – биылғы тұрақты маусымның ең нәтижелі қорғаушысы әрі ассистенті. Денис Костин кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша Лиганың үздік үш қақпашысының қатарында (93,1). Қорғаушы Федор Гордеев жарақат алған ойыншылар тізімінде.

«Барыс» жексенбіде Антон Бурдасовтың Лигадағы  800-кездесуінде «Трактордан» ірі есеппен ұтылды (0:8). Бұл матчта «Барыс» сапында тағы бір жас ойыншы ҚХЛ-да дебют жасады. 20 жастағы қақпашы Артем Шестаков бірінші кезеңнен кейін Андрей Шутовты алмастырып, Лигадағы алғашқы ойынын өткізді. Ғалым Мамбетәлиев командасының кездесуді сәтсіз бастағанын, одан кейін ойынға қайта оралу қиын болғанын атап өтті.

Астаналық команда қоржынында 61 кездесуден кейін 31 ұпай бар. Андрей Шутов жарақат алған ойыншылар тізіміне қосылды, ол команданың тұрақты чемпионаттағы қалған матчтарына қатыса алмайды. Максим Мухаметов болса, бұл тізімнен шығарылды.

«Барыс» пен «Сібірдің» биылғы өзара теке-тіресінде екі команда да екі жеңіске қол жеткізді (3:1, 4:3 ОТ – 2:0, 2:0).

«Барыс» - «Сібір» матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Матч билеттерін 20% жеңілдікпен «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Швейцария 2:3

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Украина – Қазақстан 3:5